21
ноябрь
2023
Семинар: «Сабақта АКТ мүмкіндіктерін қолдану жолдары»
21.11.23 күні Жанабергенова А.Н және Базилов Б. Ж. мектеп ұжымы «Сабақта АКТ мүмкіндіктерін қолдану жолдары» семинар өткізді. Семинардың мақсаты мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында Flippity.net интерактивті білім беру ресурстарын құруды және TOPIQ цифрлық платформасымен жұмыс істеуді көрсету. Google сервисімен жұмыс істеу. Google сервисін оқу-тәрбие процесінде қолданудың тиімділігін, мүмкіншілігін пайдалануды үйрету. А.Жанабергенова «TopIQ» цифрлық платформасымен қалай жұмыс жасау керектігін үйретті. Мұғалімдерге цифрлық форматта қол жетімді оқу материалдарының кең ауқымын ұсынатынын, әр оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін интерактивті және адаптивті оқулықтармен таныстырды.