«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-27-62
Есепші бөлімі:
+7(72774) 2-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
06
ноябрь
2025

«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

✨ 06.11.2025 — Кәсіби шабыт күні
Бүгін тағы да ерекше тәжірибе алмасу күні болды. Себебі Алматы қаласы мен облысының мектептерінен жиналған әріптестерімізбен бірге «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстым.
Конференция аясында 1 панельдік дискуссия, 33 воркшоп, 18 шебер сынып және тәжірибелік көрмелер ұйымдастырылды. Әріптестерім өз тәжірибелерімен бөліссе, мен үшін бұл жолы жаңа рөл — панельдік дискуссия жүргізушісі қызметі болды. Бұл сенімді маған артып, қолдау көрсеткен Галия Толыкбаева  тәлімгеріме алғысым шексіз!
Панельдік дискуссия тақырыбы: «Сабақты зерттеу мәдениетін мектепте қалай тұрақтандыруға болады?» Пікірталасқа Сабақты зерттеу үдерісінің майталман мамандары— Асхат Қамзаұлы Әлімов, Берік Құттыбайұлы Асубаев, Жазира Қанашқызы Кирбаева, Бану Маратовна Аманова, Жанар Шолпанқұлқызы Кулиева қатысты. Дискуссия барысында сұрақтар бойынша бөліскен терең ойлары мен тәжірибелері Зерттеу сабақтарының мәнін жаңа қырынан ашты.
Мен үшін бұл тек кәсіби алаң ғана емес, жеке шабыт пен сенімге толы сәт болды. Себебі  Асхат Алимов Қамзаұлы мен Берік Құттыбайұлының жылы пікірі мен  тәлімгерімнің сенімі — менің кәсіби жолымның дұрыс бағытта екенін айқындады.
Конференцияға мектебіміздің мұғалімдері Дилара Базарбаева Миригуль Каниязова Жанна Кожанова Багила Нургалиева өздерінің Сабақты зерттеу бағытындағы зерттеу жұмыстарын таныстырды. Олар сабақ үдерісін жетілдіруге бағытталған идеялар мен тәжірибелік нәтижелерін ұсынып, әріптестерімен пікір алмасты. Көрме қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, мұғалімдердің кәсіби зерттеушілік мәдениетін айқындады.
🌿 Сабақты зерттеу – бұл бір сәттік нәтиже емес.
Бұл – мұғалімнің ішкі уәжі мен табандылығы арқылы кәсіби кемелдікке бастайтын ұзақ әрі тұрақты даму жолы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив