Ашық сабақ. "Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы" Қазақстан тарихы. Ж.Толқын. 9-сынып
Тарих пәні мұғалімі Толқын Жанатбек 9-сынып оқушыларымен «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – Қазақстан астанасын көшірудің себептерін түсіндіру және оның ел дамуы үшін маңызын ашу болды.
Сабақ «Ой қозғау» әдісі арқылы басталып, оқушылар әлем астаналары мен Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы білімдерін еске түсірді. Бейнематериал негізінде өз ойларын ортаға салып, маңызды ақпараттарды талдады.
Жұптық жұмыста STEPLE әдісі қолданылып, оқушылар астананы көшірудің саяси, әлеуметтік, экономикалық, географиялық, логистикалық және демографиялық факторларын саралады. Топтық және жеке тапсырмалар арқылы білімдерін бекітіп, қорытынды жасады.
Сабақ соңында «3 Қ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Ашық сабақ оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.