11
ноябрь
2025
Жас мамандармен ғылыми көзқарас қалыптастыру коучингі
Жас мамандар
Жас мамандармен ғылыми көзқарас қалыптастыру коучингі
11.11.2025 күні әдістемелік жұмыстардың жоспарына сай мектебімізде «Ғылыми көзқарас қалыптастыру – жас мұғалімнің кәсіби дамуының негізі» тақырыбында коучинг өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 7 жас маманы қатысып, NXplorers құралдары арқылы зерттеу – құру – өзгерту кезеңдерінде белсенді жұмыс жасады.
Fishbone, Gallery Walk, Think–Pair–Share сияқты белсенді әдістер арқылы өз ғылыми идеяларын ұсынды.
Мұғалім үшін мұндай көзқарастың маңызы зор, себебі ол:
• оқытудың тиімді тәсілдерін дәлелмен таңдайды;
• сабақтағы проблемаларды зерттеу арқылы шешеді (Lesson Study, Action Research);
• оқушының дамуын ғылыми тұрғыдан бақылайды;
• өз тәжірибесіне сыни қарап, үздіксіз жетіледі.
«Ғылыми ойлау – кәсіби өсу мен тұлғалық дамудың бастауы».