«Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбындағы он күндік » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-27-62
Есепші бөлімі:
+7(72774) 2-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбындағы он күндік
20
октябрь
2022

«Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбындағы он күндік

10 қазан мен  20 қазан аралығында жаратылыстану пән бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбында  онкүндік шарасы бекітіліп, ашық сабақтар мен сыныптан тыс шара қойылды.  

   Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін   және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу.

10 қазан күні «Жаратылыстану әлеміне саяхат»   тақырыбында апталықтың ашылуы болды. Он күндік апталықтың жоспарымен таныстырылым жүргізілді.

 11 қазан күні «Талғар ауданының флорасы мен фаунасы» тақырыбында қорық қызметкерлерімен 8-9 сыныптармен кездесу өтті. Алматы қорығының ерекшеліктерімен видео арқылы таныстырылды. Ерекше қорғауға алынған жануарлар мен  өсімдіктер туралы мәлімет берілді. Қар барысының ерекшеліктеріне тоқталды.

12 қазан күні мектеп психологы Гулназ Сабирова мен Бота Төреханованың ұйымдастырумен «Жағымды психологиялық ахуал-сапалы білім мен білікті мұғалім дамуының негізі» тақырыбында тренинг өтті. 

13 қазан күні химия пәнінің  мұғалімі Нургалиева Багила «химияның  негізгі стехиометриялық заңдары» тақырыбында 10 «А» сыныбымен ашық сабақ өтті. Үй тапсырмасы тест түрінде алды. (kahoot платформасы). Зат массасынның сақталу заңына тәжірибе жүргізе отырып,  есептер шығарылды.  

13 қазан күні биология пәнінің мұғалімі Әбдіреш Мәрзия «Тістің құрылысы мен қызметі,олардың гигенасы» тақырыбында 8 «б» сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақта жұмбақ шешу ,постермен  жұмыс, жеке ,жұптық тапсырмалар берілді. «Шахмат» әдісімен бағалау жүрді.

14 қазан күні биология пәнінің мұғалімі: Ұлықбекова Мадина   7»а» сыныбымен «Азық түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар,көмірсулар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта зертханалық жұмыстар жүргізілді. Ерекшелігі : кері байланыс ретінде «тик ток» әдісін қолданды,  критерийге сәйкес нақты  бағалау жүрді.

15 қазан күні   Есік көлге саяхат жасады,пән иесі: Қанайбекова   Жанар. 7-8 сыныптар барып келді.

18 қазан күні географиядан 9 «а» сыныбымен «Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән иесі: Қанайбекова Жанар. Картамен жұмыс, минералды ресурстар туралы видео көрсетілді. Постермен жұмыс болды.

19 қазан күні  «Жаңартылған   бағдарлама аясында химия, информатика пәндерін үш тілде оқытуда  инновациялық технологиялардың тиімділігі»тақырыбында семинар болды.    Құдайбергенова Шахризада мен Нургалиева Багиланың ұйымдастырумен өтті.   Әр түрлі әдіс-тәсілдер көрсетілді. Адасқан әріптерді құрастыру арқылы   сабақтың тақырыбын ашу , «Word woll» дидактикалық ойыны,   «поле чудес» ойыны, «Сертификат алу» сұраққа жауап беру арқылы, кері байланыс «Padlet» тақтасы арқылы жүргізілді.

Сәйкестендіру үшін «Ішкі, сыртқы шеңбер» ойыны жүргізілді. Ұстаздар семианарға белсене қатысты. Семинардан өзара іс-тәжірибе алмасты.

20 қазан күні апталықтың жабылуы болды. Апталықтың соңында  белсене  қатысқан   сыныптар, сурет көрмесіне қатысқан   оқушылар, ребус, сөзжұмбақ құраған оқушылар марапатталды. Осы онкүндікте апталыққа  белсене   қатысып,  іс-тәжірибе алмасқан ұстаздар да  марапатталды.


























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив