15
ноябрь
2024
“Жас ұстаз: табысқа апарар жол” III аймақтық форум
15 қараша 2024 жылы Алматы қаласындағы №104 жалпы білім беретін мектепте ПШО-ның Алматы филиалы ұйымдастырған “Жас ұстаз: табысқа апарар жол” атты III аймақтық форум өтті.
Форум аясында STEAM құралдарының көрмелері мен әдеби-қойылымдар көрсетіліп, бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған спортшылармен кездесу ұйымдастырылды. Шара жас ұстаздардың кәсіби дамуына ерекше серпін берді.
Форумның басты спикерлері – ПШО Алматы филиалының директоры Берік Құттыбайұлы Асубаев, аға тренерлер Асхат Хамзаұлы Алимов, Ғалия Нұрбопақызы Толықбаева, Айман Биахметқызы Бипажанова, Бағдагүл Сайфуллақызы, Қарлығаш Исақызы Қалдарова, Ділдахан Ибрагимов және Әлия Айтбайқызы жас мамандармен сындарлы сұхбаттар өткізіп, шабыт сыйлады.
Insight шеберханасы барысында Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы #9 орта мектебінің жас ұстаздары Жаңабергенова Айдана, Оспанова Ақбаян жас мамандар жетекшісі Сәлима Ерғалиқызымен Сабақты зерттеу (Lesson Study) бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру әдістерінің тиімділігін көрсетті.