Сабақты зерттеу – тәжірибені жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-27-62
Есепші бөлімі:
+7(72774) 2-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сабақты зерттеу – тәжірибені жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл
23
январь
2021

Сабақты зерттеу – тәжірибені жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл

Сабақты зерттеу – тәжірибені жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл

Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин «Мектептер - қазақтарға білім берудің негізгі орталығы, оларда қазақ халқының болашағына деген үміт жатыр» деп айтқандай, біздің елдің болашақ иелері мектеп қабырғаларында білім алуда. Осы болашағымыздың іргесін тәжірибелі мамандармен ынтымақтаса отырып қалау – маңызды мәселе деп ойлаймын. Мектеп ұжымындағы мұғалімдердің тәжірибесін ынтымақтастықта шыңдауға бағытталған ұтымды тәсілдердің бірі – «Сабақты зерттеу» (Lesson study) үдерісі. Алайда осы «Сабақты зерттеу» үдерісін ұлттық педагогикамен ұштастыра жүргізсек, аға буын ағартушыларымыз бен жаңа буын ағартушыларының арасында байланыс орнауы сөзсіз. Себебі бірде – бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буының ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Бүгінгі күні мектеп қабырғаларында оң қолдауын тапқан «Сабақты зерттеу» әдісі де ұлт ағартушыларымыздың тәжірибесінен көрініс тапқан. Бұған дәлел география пәнінің негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның «Серуен жасап зерттеу әдісі» еңбегінде: «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі – тәжірибе. Аңда жүріп кісі байлаған түлкі, өзің қуып алған түлкіге жетпейді» - деп, білімді игеруде ең бірінші кезекте тәжірибеге сүйену керек екендігін ескерткен. Сол сияқты мұғалімдер үшін педагогикалық теорияны тәжірибе жүзінде іске асырудың тиімді жолы – ол зерттеу сабақтары.
Кез-келген елдің оттай жанып-жарқырауы, білім саласының мықтылығының нәтижесінде көрінеді. «Сабақты зерттеу» үдерісін білім ошақтарындағы жұмыс қазанында ұзақ қайнататын болсақ, «дәмді ас» шығары даусыз. Дәстүрлі қазақ қоғамында ошақ қасиетті де қастерлі дүние болып саналады. «Ошағы құлап, оты сөну» бір шаңырақтың тыныс-тіршілігі тоқтағандығын білдірген. Ол, әрине, жалғыздың үнімен емес, көпшіліктің ынтымақтаса атқаратын бірлескен жұмыс нәтижесінде оң нәтиже беретін үдеріс
«Сабақты зерттеу» үдерісінде ынтымақтаса атқарылатын жұмыс нәтижеге бағытталуы үшін, жалпы ұстаным туралы бірауызды келісімге келу өте маңызды. Себебі жалпы ұстаным – бірлескен жұмыстың жетіліп, қатысушылардың нақты мақсатпен алға жылжуына ықпал етеді. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.» - ұлт жанашыры Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінгі топтық жұмысқа негіз болар ұстанымды анықтап алайық. Ол үшін алдарыңызда тұрған қағаздарда жазылған ұлт ағартушыларымыздың қанатты сөздері арқылы топтың ұстанымын таңдаңыздар. Таңдаған нақыл сөзімізді тайқазанның тұғырына жапсырсақ.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.» Әлихан Бөкейханов
«Білген адамды білімді өмір бойы іздейді» Иүгінеки Ахмед
«Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.»
Ахмет Байтұрсынұлы
«Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!» Мағжан Жұмабаев
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деп А.Байтұрсынұлы кез-келген өзгерісті енгізудің тиімді тетігі мұғалімдер екенін ескертіп өткен. Біздің қазіргі жүргізіп жатқан «Сабақты зерттеу» үдерісін нәтижелі етіп жүргізу – пән мұғалімдерінің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол себепті ынталы топ мүшелерінің жауапкершілігін арттыру үшін, ұлт ағартушыларымыздың еңбегін насихаттап отырамыз.
Суреттердегі бейнеленген ағартушыларымыз тектен-тек назарларыңызға ұсынылған жоқ.
Үлы ағартушыларымыздың ортақ негізгісі мəселесі — ол қазақ қоғамының прогреске бейімділігімен байланысты болды. Олар осы сұраққа жауап іздеу барысында, халқымыздың өзіндік дамуы үшін, дамыған елдердің мəдениетін бойларына сіңіру керек деген тұжырымды жасады. «Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді.» деп Әлкей Марғұлан айтқандай, әр заманның ағартушыларының өсиеті - жаңалықты танып, бейімделуге талпыну керектігімізді аманттаған. Сол сияқты бүгінгі «Сабақты зерттеу» тәсілі де жаңалықты білім саласындағы тәжірибеге ынтымақтаса отырып тиімді енгізудің бірден-бір тәсілі. Алайда кез-келген жаңалықты үлттық құндылығымызбен негіздесек, өз еліне жанашыр, қадір-қасиетін бағалар ұстаз қалыптасары сөзсіз. Бұл пікір өз тәжірибеміздің негізінде қалыптасқан. Зерттеу сабақтарын жоспарлау кезінде ынталы топ мүшелерімен бірге ұлт ағартушыларымыздың тәжірибелері мен ақыл-өсиеттерін зерделей отырып, сабақтың негізгі тақырыбын оқушылардың ұлттық дүниетанымын дамытатындай тақырыптармен ұштастырып отырдық. Бұл жерде, әрине, өзгеріс енгізу тетігі – ынталы топ мүшелерінің кәсіби біліктілігін көрсетуі үлкен рөл атқарды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив