Коучинг: "Білім берудегі басшылық және көшбасшылық" » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-27-62
Есепші бөлімі:
+7(72774) 2-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коучинг: "Білім берудегі басшылық және көшбасшылық"
21
январь
2021

Коучинг: "Білім берудегі басшылық және көшбасшылық"

«Білім берудегі басшылық және көшбасшылық» тақырыбындағы коучинг


Мақсаты: 

7-модуль туралы және басшылық және көшбасшылық модулі туралы түсінік бере отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту 


Жоспары:

1. Топқа бөліну – 10 мин.

2.“Өткенге шолу” – 5 мин.

3. “Білім берудегі басшылық және көшбасшылық” тақырыбын талқылау – 15 мин.

4. Көшбасшы түрлері – 7 мин.

5. Қорытынды – 8 мин. 


1. Топқа бөліну – 10 мин.

1-топ Абылай хан – сабалақ, көмекшісі Бұхар жырау, Әбілмансұр, Үш жүздің басын қосқан, хан, Барак хан

2-топ Ш.Уәлиханов – географ, саяхатшы, Шыңғыс, этнограф, тарихшы, Мұхаммед Қанафия, шығыстанушы, 

3-топ Д.Қонаев – бірінші хатшы, 12.01.1912ж, ССРО, Колбин, қоғам қайраткері, Қазақ КСР, Социалистік Еңбек Ері

4-топ М.Шаханов - жазушы,депутат, драматург, ақын, 74 жас, «Эверестке шығу», тіл жанашыры

Әр топ көшбасшысы сайланғаннан кейін, топ аты туралы, яғни тұлғалардың қасиеттері туралы кластер толтыру


Көшбасшы слайды. – топ көшбасшыларының міндеттері туралы түсінік беру


2. “Өткенге шолу” – өткен коучинг бойынша шолу жасау


3. «Білім берудегі басшылық және көшбасшылық» тақырыбын талқылау

    Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  «Халық  пен халықты теңестіретін - білім» деп  айтқандай, білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу - біздің  мақсатымыз. Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай, жаңалық  жаршысы болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа әдістерді қолдану  қажеттілігі туындайды. Бүгінгі коучингте жаңа форматтағы білім берудегі жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғаймыз. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түседі деп ойлаймыз.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Мәтінді талдау

1-топ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ БаСҚаРУ ЖӘнЕ КӨШБаСШыЛыҚ

Мұғалімдердің  пайдаға   асырылмаған  зор  әлеуетін   олардың  кәсіби  өсуіне,   бірлескен  кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады деген тақырып пікірталасқа негізделеді.Бұл көзқарасты Хертс Кам Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жоба-сы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, білім беру (оқыту) барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни білім беру оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде қызмет  жасайтын   қосымша  қызметкерлерді  түгел   қамту  керек  деген   көзқарасқа  негізделген 

(MacBeath et al., 2006). 


Терең кәсіби біліктілік

Педагогикалық  дамуды   қамтамасыз  ету  үшін   кәсібилік  түсінудің  нақты   тәсілі  талап  етіледі (Hoyle,  1974).   Бізге  таза  жеке  тұлғаға   немесе  сыныпқа  бағытталған   тәсілден  босануымыз  ке-рек.   Себебі бұл  кезде  белгілі   бір  тағайындалған  стандартқа   сәйкес  әрекет  етеміз. Оның   орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Осы тәсілдің шеңберінде қоғамдастықтың бір бөлігі – көшбасшы мұғалім(Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005) ұсынған көзқарасқа сәйкес зерттеулер мен инновацияларға негізделген тәжірибе жетіл-діріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер  арқылы  құрылады.   Адамгершілік  мақсатттағы  мұғалімдер   өздерінің  әріптестеріне 

және айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай білім беру тұрады (Frost, 2011). Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті бо-лып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. 

Мұндай  кезде   өзгеріс  үдерісін  басқару   оңай  емес.  Мұғалім   ретінде,  біз  кейде   өзіміздің  әрекет ету  мүмкіндігіміз   бен  күш-қайратымызды  жоғалтып   жатқанымызды  сеземіз.  Бірақ,   тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз.


2-топ

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары (МКДЖ)

Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түріжауапты қызметі бар неме-се жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін

•  іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

•  өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

•  бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

•  кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші»  түсінігінде  емес,   «мұғалім  –  дамыту   жұмысының  көшбасшысы»  түсінігінде құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен білім  беруді   жақсарту  мақсатынан  алшақтамауымызды  қадағалап   отыруымыз  керек  (Elliot, 1991).  Дамыту   бойынша  жұмыс  белгілі   бір  құбылыстардың  пайда   болу  себептерін  анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.

Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс үдерісі басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі жүзеге асыры-лып отырады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.Бұл  үдерістер   ауқымы  мен  көлемі   бойынша  азғантай  ғана   болуы  мүмкін,  бірақ   олар педагогикалық   пікірталас  қалыпты  жағдай   деп  саналатын  ортада   мәдениеттің  қалыптасуы  мен жаңаруына үлес қоса алады.Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес бе-руді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы   жөнінде  әріптестерінің  кеңестері.   Осы  әрекет  басымдылықтарын  ұғынуы   мен келiсуi  бойынша  атқарылған   жұмыстардан  соң  мектептегі   мәжiлiсте  қаралып,  мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте 

маңызды.

Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.

1-кезең. Құндылықтарды анықтау.

2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.

3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.

6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.

7-кезең.  Кәсiби   бiлiмдердiң  дамуына  жәрдемдесуге   ықпал  ететін  желілік   қоғамдастықтағы жұмыс.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.


3-топ

Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы

Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологи-яларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен білім берудің жақсартылған әдiстерi болып табылады. Олар сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады, бұл осы құжаттың басында келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан  нәтижелі   болып,  әріптестерін  қызықтыра   алса,  онда  бұл   өзгерістер  мектепте  кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша  айтқанда,   мектеп  басқаша  жұмыс   істеуге  үйренеді.  Сол   себепті  әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет. Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен білім беру туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісе және оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. Хертс Кэмдебұл желілік қоғамдастық Network Events семинарлар және «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дауыс» журналдарындағы жарияланымдар  арқылы   өтеді.  Бұндай  жарияланымдар   web-сайттарға  сілтемелер  арқылы   мектеп және облыс аймақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алады.


4-топ

Ұжымдық іс-әрекет

Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының же-текшілік  мүмкіндіктерін  жеке   де,  ұжымда  да   кеңейту  арқылы  жететіндігі   оғаш  болып  көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс. Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.


Көшбасшы түрлері – 7 мин.

Сіз қай көшбасшы түріне жатасыз?


Сипаты

Иә

Жоқ


Нақты, толыққанды көшбасшы

Көшбасшылықтың бұл түрі әрекетке бейімделуімен және қиын шешім қабылдап, табанды шара қолданатындығымен ерекшеленеді

Бұндай көшбасшылар жаңалыққа үйір, көріпкел әрі алғыр ойлы келеді



«Жасау, реттеу, тәуекел ету»: олар әркез жылдам қимылдайды және істерінде үнемі шұғылдық сезіліп тұрады



Мүмкіндік туғанда тез әсер етеді



Өрмінезді жандар. Белгісіз және болжамды келеңсіздік кезінде әркез әрекетке даяр болу өрмінезділікті білдіреді



Бәсекелестік қашан келеді деп күтіп отырмай, нарықта бәсекелестерін тауып алады



Ауыр кезең туғанда және нәтижесі белгісіздеу болғанда үнемі «бағыттан ауытқымау» қағидатын ұстанады



Дау – дамайдан қашпайтын, керісінше дауда басымдық танытуды ұнататын көшбасшылар




Стратегиялық көшбасшы

Өз әрекеті және сол әрекет салдарын үнемі ойластыратын әрі жоспарлайтын көшбасшылар

Олар жалпы көріністі көз алдына елестете алады



Әрекет етпес бұрын, олар оны шешудің болжамды жолдарын алдын ала есептеп алады



Олар жағдайдың өзгеруіне жылдам бейімделе алады, әрі икемділік танытады



Тапсырманы орындауға көмектесе алатын әр адам бұның не екенін білетініне сенімді



Олар өз көзқарасы, жоспары мен стратегиясын нақты сипаттап айтады



Олар құндылық, идеал, стандартты үнемі назарда ұстайды



Олар қатты қысым көрсетпейтін тамаша сатушылар. Олар үнемі өз идеясы мен жағдайға деген көзқарасын сатып отырады



Рухтандырушы көшбасшы

Рух беріп, ынталандыра алатын көшбасшы. Қандай да бір үлкен, маңызды дүниені болжай алатын көріпкел     көшбасшылар

Адамдарды толғандыратын әрі рухтандыратын көзқарас пен мақсат бар



Олар нақты мәні бар мақсат қояды



Олар еліктіріп, күш – жігер береді



Олар өз мақсатына жету жолында табандылық, мақсаттылық танытады, әр іске берілген



Бұл көшбасшылар басқаларға жұмыс бұрынғыдан да жақсы істеуге мүмкіндік беріп, үнемі қолдайды және жағымды нәтиже күтеді



Көшбасшылар өз әрекетімен соңынан ерушілерге және өз ұйымдарына адалдық танытады да, олардың өзіне де адал болуын талап етеді.



Өздерінің мықты және осал тұстарын біледі



Өзіне жоғары баға бергендіктен, өзіне жүктейтін жауапкершілік деңгейі де өте жоғары. Өздерін бірқалыпты, еркін ұстайды




Өз ісіне берілген, табанды көшбасшы

Жетістікке ұмтылады, табысқа жетуде табандылық танытады

Ешқашан «сәтсіздік» деген сөзді қолданбайды. Оның орнына «білім алуға берілген мүмкіндік» сияқты тіркесті қолданады



Үнемі мінсіздік пен сапаға ұмтылады



Маңайындағыларды «табыстылық» тұрғысынан ойлауға итермелейді және баулиды



Сенім мен тұрақтылық заманауи көшбасшының негізі екендігіне сенеді



Өзі сенетін идеяны ашық айтады



Көшбасшылар өз әрекетімен соңынан ерушілерге және өз ұйымдарына адалдық танытады да, олардың өзіне де адал болуын талап етеді.



Бүкіл ұйым аясында жоғары стандартты әділдік болуын талап етеді




Уәждеуші, ынталандырушы көшбасшы

Мән мен мақсат жұмыста деп санайды

Жұмысты мәнді әрі маңызды етеді



Не үшін жұмыс істеп жатқанына көп мән береді



Өзі мен өз ұйымындағы зор әлеуетті көріп, содан қанаттанады



Өздерінің бұрынғы жетістігінен асып түсуге тырысып, үнемі мейлінше жоғары мақсат қоюға ынталандырып, уәждеп отырады



Басқаның қолдауы мен қошеметін көріп, өзін – өзі уәждейді



Басқаға және жағдайға сезімталдықпен қарайды. Олар – көреген жандар



Үнемі сақтықпен әрекет етеді, қызығушылық танытқан адамдардың барлығына әділдікпен қарауды жақтайды




Қорытынды

 


Ән «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». Шәкәрім Құдайбердіұлы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив