жұмбақ
Оқушы шығармашылығы
Т. Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 2 "а"сынып оқушысы Жетпісбай Нұрым Нұрболұлы
Жұмбақтар
1. Өзі жыртқыш жабайы,
Қойға жиі шабады. ( Қасқыр )
2. Кең оның құшағы,
Аспанда ұшады. ( Ұшақ )
3. Арқасында тасы бар,
Кіп - кішкентай басы бар.
Тарбаң - тарбаң етеді,
Өзі әрең жетеді.( Тасбақа )
4. Бал жинайды талабы,
Өзі шағып алады. ( Ара )
5. Айқайлап ақырады,
Аңдарды шақырады
Оны бәрі аң патшасы деп атайды. ( Арыстан )
6. Бойы ұзын крандай,
Құласа қалады тұра алMay. ( Керік )
7. Денесі шұбар ала,
Таниды барлық бала.
Есектен ауMayтын,
Бұл аң - ( Зебра )
8. Қыт - қыт дейді,
Тарыны жейді. ( Тауық)
9. Өзі айдай иілген,
Сап - сары боп киінген. ( Банан )
10. Өзі доп - домалақ,
Тепсең кетер домалап.
Балалар ойнар қуалап.( Доп )
11. Қып - қызыл домалақ,
Оның аты ....( Қызанақ )
12. Тік ұшаққа ұқсайды,
Бірақ биік ұшпайды. ( Инелік )
13. Алуан түрлі болады,
Гүлден гүлге қонады.( Көбелек )
14. Лас жерге қонады,
Түрі жаман болады. ( Шыбын )