25-қазан Республика күні құтты болсын!
25-қазан Республика күніне орай Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі «Туған жерім - тұғырым» атты мемлекеттік гимн орындау челленджін қабылдады. Бұл шараның мақсаты оқушыларға патриоттылық, рухани сезім сыйлап, ұлттық рәміздерімізді қастерлеуге, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік танытуға шақырады. 25-қазан Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!