17
февраль
2022
«Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты он күндік
Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану пән бірлестіктерінің 07-17 ақпан аралығында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты он күндігі болып өтті. Он күндікте өткен іс-шаралар "ГМО"- пайдасы мен зияны атты талқылау 10-11сыныптар арасында болды. «Қызықты география әлемі» тақырыбында 7 а,7 б, 7в сыныптары мен сайыс сабақтары өтілді. 5а сыныбында ашық сабақтар өтілді. Жабылуында химия және биология пәндерінен 8-9 сыныптар арасында сайыс өткізілді және осы онкүндікке қатысқан оқушылар мен мұғалімдерді марапаттау қағаздары мен құттықтадық. Біздің мектептің ұстаздарына тек шығармашылық табыс,ең биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.