Республикалық тамыз конференциясы » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72774) 2-27-62
bookkeeping:
+7(72774) 2-27-62
Version for
visually impaired
18
August
2023

Республикалық тамыз конференциясы

18 тамыз 2023жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Municipal publicндағы филиалы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен   педагог қызметкерлерінің  Республикалық тамыз конференциясы Municipal public химия-биология бағытындағы НЗМ базасында «Пәндік құзыреттілік-мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор» тақырыбында ерекше форматта өткізілді. Конференцияға әр аймақ мектептерінен 600-ден астам педагог мамандары қатысып, озық тәжірибелер мен білім саласындағы жаңашылдықтармен танысып, шебер сыныптарға қатысты.  Municipal public Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы басшысы Берік Құттыбайұлы Асубаев пен Алматы  облыстық әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Жалғасбекқызы Иманхатованың алғысөздерімен ашылған конференция секция жұмыстарымен жалғасты. ПШО филиалы мен облыстық әдістемелік орталығы бірлесіп құрған «Табыс траекториясы» жобасына қамтылған облысымыздағы үздік 20 мектептің бірі ретінде Талғар ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов Т. Рысқұлов атындағы 9 орта мектебінің «Ізгілік» қоғамдастығының 4 зерттеу тобы мектепте 2018-2019 оқу жылынан бастап жүргізіліп келе жатқан Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәжірибесімен таныстырып, зерттеу сабақтарының жүргізілуіндегі маңызды тұстарын көрсетті . Пәндер аясында жүргізіліп жатқан зерттеудің тиімділігі мен өміршеңдігін постер арқылы дәлелдеу барысында  мектебіміздің директоры А.Асанова, әдістемелік істер жөніндегі орынбасары С.Дүкенбаева, тарих пәнінің мұғалімдері Құрманбек Долқын, Елдос Жангазиев, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айнур Каратаева, орыс тілі пәнінің мұғалімдері Шолпан Баймуратова, Алима Дукенбаева, математика пәнінің мұғалімдері Халбика Сагиндикова, Болатбек Базилов,  шет тілі пән мұғалімі Акихат Ибраимова сабақты зерттеудегі тәжірибелеріне түсінік берді.     
Ұстаздарымыздың бірнеше жыл зерттеу сабақтарын тиімді қолдануына бағыт бағдар беріп, қолдау көрсетіп келе жатқан Педагогикалық шеберлік орталығының Municipal publicндағы филиалының директоры Берік Құттыбайұлы мен аға менеджері Галия Толыкбаева Нұрбопақызының еңбегі орасан зор. Талғар қаласындағы №9 орта мектептің "Алғыс хатпен" марапатталған мұғалімдерінің атынан Берік Құттыбайұлына мың алғыс. Іс-шараға қатысқан әр мұғалім үшін жаны ашып, еңбегін елеп жатқанына шын жүрегімізбен қуаныштымыз. Сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Алдағы уақытта да әрдайым шығармашылықтың биігінде Сіздердің қолдауларыңызбен бірге қызмет атқара берейік🙏🏻💯⭐
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар қауымына жаңа шығармашылық табыстар әкелсін!












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив