Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл » Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі
Талғар ауданы білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72774) 2-27-62
bookkeeping:
+7(72774) 2-27-62
Version for
visually impaired
» » Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
24
January
2021

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

«Ұлы даланың шамшырағы – Ы.Алтынсарин»
22.01.2021ж. күні мектебімізде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы құрметіне ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ тәжірибесі туралы ақпаратты саралай отырып, ұлттық ағартушылық көзқарасты қалыптастыру мақсатында мектеп мұғалімдерімен вебинар өткізілді. 
Қазақ халқының адал перзенті, ұлттың мақтанышы, қазақ педагогика ғылымының негізін салушы, сөз зергері, аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин - әрбір МҰҒАЛІМ үшін үлгі аларлық ҰЛЫ АҒАРТУШЫ екендігі сөзсіз.   Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашан да болсын уақыт сынынан мүдірмей өтіп, қоғамдық ой-пікірдің, төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады. Ұлы қазақ даласына алғаш білім ордаларын ашып, қазақ халқының надандықтан арылту жолында еткен еңбегі орасан шексіз. Ұлы Ұстаз білім ордаларын ашу ісімен ғана шектеліп қалған жоқ. Сондай-ақ сол білім ордаларындағы тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді, оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алMayды" - деп мұғалім қызметін өте жоғары бағалаған.  Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарап, халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді.
 "Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі" - деп үлкен сенім артқан ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ аманатына бүгінгі күннің мұғалімдер қауымы қиянат жасамауымыз керек. Қазақ даласын надандықтан арылту жолында кездескен барлық қиындық пен кедергілерді еңсеріп, ағартушылық қызметтің даңғыл жолын салып берді. Сол даңғыл жолды бұралаң жолға айналдырMay, қандай қиындықтар туындаса да  өз халқына адал қызмет ету әрбір мұғалімнің міндеті екендігін естен шығармауымыз керек!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив